Accessibility links

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен балаларды тегін демалдырмақ


Су басқан үйлердің ересектері мен балалары. Ақтөбе, 18 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Су басқан үйлердің ересектері мен балалары. Ақтөбе, 18 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе облысында биыл көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың балалары жергілікті бюджет есебінен демалыс лагерьлеріне жіберіледі деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Есепке 7-14 жас аралығындағы 90 бала алынды. Олардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбек. Осы 90 баланың 31-іне қала сыртындағы лагерьлерге жолдама берілетін болды. 59 бала орта білім беретін мектептердің жанындағы лагерьлерде демалады" делінген облыстық әкімдіктен жолданған хабарламада.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларынан бөлек жетім қалған, мұқтаждық көріп жүрген тағы 1 мың бала бюджет есебінен лагерьге барады. Әкімдіктің мәліметінше, биыл жазда Ақтөбеде тұратын 61 мың бала демалыс лагерьлеріне жолдама алуы тиіс.

Хабарламада бұл мақсатта қанша қаржы жұмсалатыны көрсетілмеген.

XS
SM
MD
LG