Accessibility links

Тұңғышбай Жаманқұлов


Тұңғышбай Жаманқұлов

Қазақстан халық әртісі, мемлекеттік сыйлық лауреаты. Елге негізінен кино актері ретінде танылған ол «Казақфильм», «Ленфильм», «Өзбекфильм» киностудияларының Совет Одағы кезінде және тәуелсіздік жылдары түсірген «Қан мен тер», «Отырардың күйреуі», «Сардар» сияқты 30-ға жуық фильмдеріндегі негізгі кейіпкерлерді сомдаған. Шетелдік және қазақстандық драматургтердің «Туран­дот ханшайым», «Бонапарттың үйленуі» сияқты бірнеше спектальдерін қойған театр режиссері, спектакльдерде ойнайтын театр актері.

Жаманқұлов актерлігімен бірге өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ өнер академиясының оқытушысы, «Наз» (2001) және «Сөз» (2008) атты көркем-публицистикалық кітаптардың авторы. «Парасат» ордені иегері, Монреальдың «Фипресси», Нидерландтың «Алтын пласти­на» сыйлықтарының лауреаты, 2007 жылы Қазақстанның «Жыл адамы» атанды. Қазақ, орыс, қырғыз, өзбек тілдерін біледі.

Ақпараттар Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасы сайтынан алынды.

XS
SM
MD
LG