Accessibility links

Трамп: АҚШ ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығады


Дональд Трамп АҚШ-тың ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шығатынын мәлімдеп тұр. Вашингтон, 1 маусым 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өз елі 2015 жылы Парижде қол қойған ғаламдық климат жөніндегі халықаралық келісімнен шығатынын мәлімдеді. Трамп келісім АҚШ экономикасына зиян келтіретінін айтып, жаңа келісім жасауға талпынатынын айтты.

1 маусымда Ақ үйде сөйлеген Трамп "Американы және оның азаматтарын қорғау туралы қасиетті міндетімді орындау үшін АҚШ климатқа қатысты Париж келісімінен шығады. Бірақ келісімге АҚШ үшін, оның бизнесі, халқы мен салық төлеушілері үшін әділ мүлдем жаңа шарттар енгізіп барып қайта қосылу жөнінде келіссөз бастайды" деді.

Ауаға паринк газдарын шығаруды азайтып, ғаламдық температураның жоғарылуына қарсы іс-қимылдар жасауды қарастыратын келісімге бұған дейін 194 мемлекет қол қойып, Сирия мен Никарагуа ғана қол қоймаған болатын. Трамп сайлауалды кампаниясында келісім АҚШ-тың экономикалық мүдделеріне қайшы келетінін айтып, одан шығуға уәде берген. Бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары және басқа да мемлекеттер Трампқа келісімнен шықпауға ықпал етіп көрмек болған.

XS
SM
MD
LG