Accessibility links

Сот Атамбаевтың бұрынғы оққағарының шағымын қанағаттандырмады


Әділ Турдукулов, "Сөз бостандығын қорғау комитеті" ұйымының жетекшісі.
Әділ Турдукулов, "Сөз бостандығын қорғау комитеті" ұйымының жетекшісі.

Бішкек соты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың бұрынғы оққағары Эркин Мамбеталиевтің абыройы мен қадыр-қасиетін қорғау туралы арызына қатысты апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Мамбеталиев 2016 жылы қарашада сотқа "Сөз бостандығын қорғау комитеті" ұйымының төрағасы Әділ Турдукуловтың үстінен оның Facebook-те жариялаған мәлімдемесіне байланысты шағымданған. Мамбеталиев соттан Турдукуловтан өзіне бес миллион сом (73 мың доллардан астам) қаржы "моральдық шығын" өндіріп беруді талап еткен.

12 сәуірде Бішкектің Бірінші май аудандық соты Турдукуловты Мамбеталиевке 50 мың сом (шамамен 735 доллар) төлеуді және әлеуметтік желілерде жариялаған екі жазбасын терістеуді міндеттеген.

Мамбеталиевтың адвокаттары бұл шешімнің үстінен қалалық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Турдукулов жазбасын сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасап дәлелмен жазғанын айтады. Ол соттың моральдық шығын төлету туралы шешімімен келіспейді және оған Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтады.

XS
SM
MD
LG