Accessibility links

Сот Серік Ахметов пен экс-шенеуніктерді шығынды өтеуге міндеттеді


Сот процесі өтіп жатқан залдағы сотталушы Серік Ахметовтің монитордан көрсетілген суреті. Қарағанды, 2 желтоқсан 2015 жыл.
Сот процесі өтіп жатқан залдағы сотталушы Серік Ахметовтің монитордан көрсетілген суреті. Қарағанды, 2 желтоқсан 2015 жыл.

Қарағанды облыстық соты бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және тағы екі шенеуніктің өздерінен бірнеше миллион теңге қаржы өндіріп алу туралы сот шешіміне берген шағымын қанағаттандырмады.

Сот сонымен қатар Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің талап-шағымда көрсетілген 202 миллион теңге өндіріп беру талабын толық орындау туралы шағымын да қанағаттандырмады. Алғашқы сот инстанциясы бұрынғы шенеуніктерден 17 миллион 310 мың теңге өндіру туралы шешім шығарған. Бұл қаржыны жауапкер бұрынғы шенеуніктер теңдей бөліп төлеуге міндеттелген.

Ахметовтің адвокаты қылмыстық істе шағымданушының уәждеріне негіз бола алатын және дәлелдейтін "қандай да бір айғақтар жоғын" мәлімдеп, сот шешімін өзгертуді сұраған. Бауыржан Әбдішев апелляциялық шағымында Қарағандыдағы көшені жарықтандыру бағаналарын алмастырып, орнатуға қаржы заңды түрде бөлінгенін және мемлекетке материалдық шығын келтірілмегенін айтады. Басқа бұрынғы шенеуніктердің адвокаттары да соттың олардан қаржы өндіріп алу шешімімен келіспейді. Адвокаттар 17 миллион 310 мың теңге өндірту туралы алғашқы сот шешімін жоюды сұрайды.

Талапкер бұрынғы шенеуніктердің "заңсыз іс-қимылының салдарынанм" мемлекетке 202 миллион теңге тікелей шығын келді дейді. Бұл шығын "Қарағанды көшелерінде сыртқы жарықтандыру бағаналарын алмастыру жұмыстары кезінде материал мен қызмет көрсету бағаларын асыра көрсетуден келген".

2015 жылы желтоқсанда шыққан сот үкімі бойынша, Ахметов, Әбдішев, Смағұлов және Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхтар Адамбеков пен Қарағанды тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы бастығы Айдос Жәкенов "топ болып алдын ала сөз байласып, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген". Тергеу ұйғарымы бойынша, олар қызметін пайдаланып, өзге кәсіпкерлік ұйымдарының пайдасын көздеп жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын шектеген, сол арқылы мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген.

2015 жылы желтоқсанда "Серік Ахметовтің ісі" бойынша сотталған бірнеше адам бұған дейін мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан немесе рақымшылық заңы бойынша олардың жаза мерзімі қысқартылған. Мейрам Смағұлов, Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин, "Металлургия-металлообработка" компаниясының бұрынғы директоры Анатолий Эссе, осы компания директорының бұрынғы орынбасары Оразалы Айменбетов бостандыққа шыққан. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Серік Ахметовтің жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бірі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша азайтылған.

ВИДЕО: "Серік Ахметов ісі" бойынша сот үкімі шыққаннан кейінгі сәт (11.12.2015)

Сотталғандармен қоштасу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

XS
SM
MD
LG