Accessibility links

Әшімбаев: ОА-да жаңа бірлестік құру жайына ораламыз


Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің депутаты.
Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің депутаты.

Парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа аймақтық бірлестік құру мәселесін қайта көтерді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Мәулен Әшімбаев бұл туралы 2 маусымда Астанада өтіп жатқан Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда айтты.

Әшімбаевтың сөзінше, бұған дейін Орталық Азия одағын құру бастамаларын әркім әртүрлі қабылдаған, дегенмен, аймақ елдері жаңа бірлестік құру мәселесіне бәрібір оралады.

"Азық-түлік, су-энергетикалық және көлік-коммуникациялық бағытта үш консорциум да қарастырылды. Соның аясында бірігу мәселесі де талқыланды. Тіпті, Орталық Азия банкін де құрып үлгердік. Алайда, аталған жобалардың бірде- бірі іске аспай қалды. Сондықтан алдағы уақытта бұған дейінгі бастамаларды жаңа тұрғыдан қарастырып, қолға алуға болады деп ойлаймын" деді Мәулен Әшімбаев.

Депутат Орталық Азия аймағында нақты бір бірлестік құрылса, интеграция соның аясында ғана шектеліп қалмауы қажетін айтады.

Жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мен Ресей сарапшылары қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG