Accessibility links

Ақ үй соттан миграцияны шектейтін жарлықты күшіне ендіруді сұрады


Вашингтондағы АҚШ жоғарғы соты (Көрнекі сурет).
Вашингтондағы АҚШ жоғарғы соты (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жоғарғы соттан АҚШ-қа мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салуды қалпына келтіруді сұрады. Ақ үй тыйым салу қауіпсіздік мақсатында енгізілуі тиіс дейді.

АҚШ әділет министрлігі жоғарғы сотқа 1 маусым күні кешке шұғыл сауал жолдаған. Онда Вирджиниядағы апелляциялық сот Трамптың тыйым салу туралы жарлығына қарсы шешім шығарарда бірнеше қателік жасағаны айтылған. Президент әкімшілігінің сауалын мақұлдау үшін жоғарғы соттың тоғыз судьясының кем дегенде бесеуі келісуі тиіс.

Өткен айда Вирджиниядағы апелляциялық сотының он судьясы Трамптың жарлығына қарсы дауыс беріп, үш судья қолдаған.

6 наурызда қол қойылған жарлық бойынша Иран, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салынатын болған. Бірақ жарлық шыққаннан бірнеше күннен соң АҚШ соты оның күшіне енуін уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG