Accessibility links

БАҚ: Германияда "теракт қаупі" жайлы хабардан соң екі күдікті ұсталған


Германия полициясы. (Көрнекі сурет.)
Германия полициясы. (Көрнекі сурет.)

Германияда Rock Am Ring рок музыка фестиваліне жиналғандар "теракт қаупіне" байланысты шұғыл эвакуацияланғаннан кейін күдікті екі адам ұсталғаны туралы Welt басылымы хабарлады.

Басылым мәліметтері бойынша, күдікті екеу - фестивальді ұйымдастырушылар жалдаған мердігер фирманың қызметкерлері. Полиция күдіктілер шара өтіп жатқан жерге "әлдебір зат қоюы мүмкін" деп санайды.

Бұған дейін жұма күні Германияның батысындағы Нюрбургринг елді мекені жанында жыл сайын өтетін Rock Am Ring музыка фестиваліне жиналған жұртты полиция "теракт қаупіне" байланысты шара өтетін жерден шұғыл эвакуациялаған.

Германия полициясы Менчестердегі терактіден кейін фестиваль қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібіне өзгерістер енгізіліп, фестивальға қатысатын полиция қызметкерлерінің саны ұлғайтылғаны туралы мәлімдеген.

Мамырдың 22-і күні Ұлыбританияның солтүстігіндегі Манчестер қаласында америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен Manchester Arena ғимаратында жанкешті жасаған жарылыстан 22 адам қаза тауып, 60-тан аса кісі жараланған. Британ полициясы терактіге қатысы бар деген күдікпен 15 адамды ұстаған.

XS
SM
MD
LG