Accessibility links

Туринде "Ювентус" клубының жүздеген жанкүйері жапа шеккен


Туриндегі дүрбелеңде жапа шеккен жанды сүйемелдеп әкеле жатыр. Италия, 3 маусым 2017 жыл.

Сенбінің кешінде футболдан Еуропа чемпиондар лигасы финалында кездескен испаниялық "Реал"және италиялық "Ювентус" командалары арасында Ұлыбританияның Кардифф қаласында өткен ойынды Италияның Турин қаласындағы орталық алаңға орнатылған үлкен экраннан көруге келген мыңға жуық жанкүйер қыспақта қалып қойып, зардап шеккен деп хабарлайды AFP агенттігі.

"Реал" бәсекелесін 4:1 есебімен ұтып, Еуропа чемпиондар лигасы жеңімпазы атағына екінші жыл қатарынан ие болған ойынды Туриндегі Сан-Карло алаңына жиналған 20 мыңға жуық жанкүйер тамашалаған. "Реал" ойыншылары үшінші допты салғаннан кейін алаңдағы жұрт арасында дүрбелең туып, адамдар жаппай қаша бастаған. Жөңкіле қашқан қалың нөпірдің жолында қыспақта қалған жүздеген адам зардап шеккен.

Football Italia порталы «арасында төрт жасар бала бар бес адам ауыр халде жатыр» деп хабарлады.

Дүрбелеңге не себеп болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Кей мәліметтерде алаңда тұрған топ арасында белгісіз біреу петарда атқаннан кейін үрей туып, жұрт қаша жөнелгені айтылады.

Туриндегі оқиға туралы видео:

"Ювентус" жанкүйерлері зардап шекті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:28 0:00

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG