Accessibility links

Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет пен Бахрейн Катармен байланысын үзді


Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Тани Парсы шығанағы елдерінің саммитінде. Манама, 6 желтоқсан 2016 жыл.
Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Тани Парсы шығанағы елдерінің саммитінде. Манама, 6 желтоқсан 2016 жыл.

Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Египет "терроризм" және халықаралық құқықты "өрескел бұзуға" байланысты Катармен дипломатиялық байланыстарын үзіп, құрлықтағы, әуе және теңіздегі барлық қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді.

Сауд Арабиясы 5 маусымда бұл шара "ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" жасалып отырғанын мәлімдеді. Ал Бахрейн Катарды "терроризмді қолдайды" және Бахрейннің ішкі ісіне килікті деп айыптап, Катар азаматтарына 14 күн ішінде елден кетуге бұйырды.

Сауд Арабиясының ресми агенттігі ел билігінің "халықаралық нормалар бойынша берілген дербес құқықтарын қолданып, ұлттық қауіпсіздігін терроризм мен экстремизм қаупінен қорғау үшін" Катармен байланысты үзуге шешім қабылдағанын хабарлады.

Бахрейн "Катар Бахрейн корольдігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, ішкі ісіне килігуін тоқтатпай отырғандықтан" қарым-қатынасты тоқтатқанын хабарлады.

Египет Катармен бұл елдің "террористік топтарды қолдағаны үшін" байланысты үзгенін мәлімдеді.

Катардың Біріккен Араб Әмірліктерімен және АҚШ-тың жақын одақтасы Сауд Арабиясымен қарым-қатынасы біраздан бері шиеленісіп тұрған.

Парсы шығанағы елдері Катарды Иранмен және "Мұсылман бауырластығы" сияқты исламшыл ұйымдармен жақын байланыста деп біледі.

Шиеленіс 24 мамырда Катардың ресми ақпарат агенттігі Катар басшысының "АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен шиеленіске байланысты Бахрейн, Египет, Кувейт, Сад Арабиясы және БАӘ елдері елшілерінің елден шығарылғаны" туралы хабарламасын жариялаған. Кейін агенттік сайттағы ақпаратты хакерлер жариялағанын мәлімдегенімен, шиеленіс бәсеңсімей отыр.

2014 жылы Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейн Катардың "Мұсылман бауырластығы" қозғалысына қолдау білдіргеніне наразылық танытып, бұл елден елшілерін қайтарып алған. Парсы шығанағы елдері бұл қозғалысты өздеріне қауіп төндіреді деп біледі.

XS
SM
MD
LG