Accessibility links

Сеул: Пхеньян безгекке қарсы гуманитарлық көмекті алудан бас тартты


Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы.
Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы.

Оңтүстік кореялық гуманитарлық топ Солтүстік Корея Сеулдің БҰҰ-ның жаңа санкциясын қолдағанына наразылық ретінде безгекке қарсы көмек материалдарын қабылдаудан бас тартқанын хабарлады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бас тарту Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чже Иннің Пхеньянмен қарым-қатынасты либерализациялап, Солтүстік Кореямен бейбіт қатынас жасаудағы талпыныстарына кедергі келтіруі мүмкін. Президент Мун екі жақты байланыстардың жақсаратынына үміт білдірді. Пхеньянның ядролық қару жасау және зымыран бағдарламаларына қатысты халықаралық қауымдастықпен егесі күшейгендіктен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған барлық ірі бағдарламалар тоқтап тұр.

Мамырдың соңында Мун үкіметі Сеулдегі қозғалыстың Солтүстік Кореямен қарым-қатынас жасауына рұқсат берген. Бұдан соң азаматтық топ Солтүстік Кореямен электронды хат алмасып, осы аптада Солтүстік Кореяға безгекке қарсы жәндіктерді жоятын заттар, диагностикалық құрылғылар мен шыбынға қарсы репелленттер жеткізуі тиіс болған. Бірақ Солтүстік Корея БҰҰ санкциясына байланысты елге кіруге тыйым салатынын хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламаларына қатысы бар 15 адам мен төрт ұйымға санкция салған. Солтүстік Корея өз азаматтары мен ұйымдарына қарсы санкцияларды қабылдамай тастап, оны "жаулық акт" деп санайтынын және ядролық қару жасауды тоқтатпайтынын мәлімдеген. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар Пхеньянға бұған дейін ядролық және зымыран бағдарламаларына байланысты бірнеше рет санкция салған.

XS
SM
MD
LG