Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған 5 маусымда телефонмен сөйлесіп, Катарға қатысты жанжалға байланысты Таяу Шығыстағы елдерді диалог пен ымыраға келуге шақырды. Олар Парсы шығанағы аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау керек деп біледі.
5 маусымда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет пен Бахрейн Катармен қарым-қатынасын үзетінін жариялаған. Араб елдері басшыларының мәлімдеуінше, "Катар радикал исламшылар мен Иранға қолдау көрсетеді".
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Путин мен Ердоған Сирияда "деэскалация аймақтарын" құру туралы келісімнің орындалуын да талқылаған.