Accessibility links

Лейбористер жетекшісі Тереза Мэйді отставкаға кетуге шақырды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) мен Лейбористік партия жетекшісі Джереми Корбин.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) мен Лейбористік партия жетекшісі Джереми Корбин.

Ұлыбритания оппозициясының жетекшісі Джереми Корбин премьер-министр Тереза Мэйді ол елдің ішкі істер министрі болып тұрған алты жылда полиция қызметкерлері санының қысқарғаны үшін отставкаға кетуге шақырды.

Ұлыбританияда 8 маусымға белгіленген парламент сайлауы алдында үш айда бірнеше адамның өмірін қиған үш теракт болды. 3 маусымда Лондонның орталығында көпірде қарулы үш адам жеті адамды өлтіріп, 50-ге тарта адамды жаралаған.

5 маусымда ITV телеарнасының эфирінен сөйлеген Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбин полицейлер санын қысқарту шешімі дұрыс болмағанын мәлімдеді.

Мэй Лондон полициясы қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп тұрғанын және полицияның "терроризмге қарсы тұратын қауқары жеткілікті" екенін айтқан.

Лондон полициясы 3 маусымдағы терактіні тергеу аясында қалада жаңа рейдтер жүргізіп, біраз адамның ұсталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG