Accessibility links

Бірнеше қалада Ақтөбедегі қарулы шабуылда қаза тапқан әскерилерді еске алды


Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміе жасалған қарулы шабуылда қаза тапқан әскери қызметкерлерді еске алуға жиналғандар. 6 маусым 2017 жыл.
Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміе жасалған қарулы шабуылда қаза тапқан әскери қызметкерлерді еске алуға жиналғандар. 6 маусым 2017 жыл.

Ақтөбе мен Петропавлда былтыр 5 маусымда Ақтөбеде Ұлттық гвардияның 6655 әскери бөліміне жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан әскерилерді еске алу акциялары өткізілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ақтөбедегі еске алу акциясына бөлім басшылығы мен сарбаздары, Ақтөбе облысының әкімі, Бердібек Сапарбаев, Ұлттық ұлан басшысының тәрбие және әлеуметік-құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Мұхаметқали Сатов, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басшылығы, содырлар шабуылынан қаза тапқан әскерилер - майор Даниэль Майлыбаев, сержант Берік Қалиев пен қатардағы сарбаз Досбол Сапардың және шабуылға тойтарыс берген сарбаздардың туыстары қатысты.

6655 әскери бөлімінде "Мәңгілік сапта" ескерткіш тақтасы ашылды. Онда қарулы шабуылдан қаза тапқан үш әскери қызметкердің суреті мен өмір жолы туралы деректер келтірілген. Жиналғандар әскери бөлім аумағындағы шабуыл құрбандарына арналған ескерткіш тақташа алдына гүл шоқтарын қойды.

Жиында сөйлеген генерал-майор Мұхаметқали Сатов мұндай шаралар бүгін Ұлтық ұланның ел аумағындағы барлық бөлімдерінде өткенін айтты. Бердібек Сапарбаев қарулы шабуылға ұшыраған әскерилер мен бейбіт тұрғындардың 15 баласына жазғы демалыс лагеріне жолдама берілгенін айтты.

Петропавлдағы жиын қаладағы әскери институтта өтті. Институт кіреберісіне марқұмдардың суреттері қойылды. Шараға қатысқан әскерилер марқұмдардың суреттеріне гүл шоқтарын қойды.

Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміе жасалған қарулы шабуылда қаза тапқан әскери қызметкерлер бейнеленген экран. Петропавл, 6 маусым 2017 эыл.
Ақтөбеде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміе жасалған қарулы шабуылда қаза тапқан әскери қызметкерлер бейнеленген экран. Петропавл, 6 маусым 2017 эыл.

Былтыр маусымның 5-інде Ақтөбеде 30 шақты адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның 6655-әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам (оның ішінде үшеуі - әскери қызметкер) қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операция кезінде "діни радикал", "қарулы шабуылшы" деп сипатталған 18 адамның көзі жойылып, 29 адам ұсталған. 2016 жылы қарашаның 29-ы күні Ақтөбе облыстық соты шабуылға қатысты 29 адамды түрлі мерзімге соттаған.

XS
SM
MD
LG