Accessibility links

Австрия банкінің Мәскеу бөлімшесінде 8 ресейлік аштық жариялады


Мәскеуде валютамен ипотека алған ресейліктер Raiffeisenbank банкінің бөлімшесі алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Ресей, 25 ақпан 2016 жыл.
Мәскеуде валютамен ипотека алған ресейліктер Raiffeisenbank банкінің бөлімшесі алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Ресей, 25 ақпан 2016 жыл.

Ресейлік сегіз азамат Австрияның Raiffeisenbank банкінің Мәскеудегі бөлімшесі алдында аштық жариялады. Валютамен ипотека алушылардың бүкілресейлік қозғалысының үйлестірушісі Юлия Ермакованың сөзінше, сегіз борышкер өздерінің несиелерін рубльге конвертациялауды және уақытында төлей алмаған қарыздары үшін салынған барлық айыппұлдарды жоюды талап етеді.

Шетел валютасымен несие алған көптеген ресейліктер соңғы үш жылда рубль бағамы күрт түсіп кеткендіктен қарызын төлей алмай қалған. Елдегі экономикалық дағдарыс әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауынан және Батыс елдерінің Ресейге Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін санкция салуынан туындаған.

Биыл наурызда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев "шетел валютасымен несие алған адамдар оның қауіп-қатерін түйсінуі тиіс" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG