Accessibility links

МҰҚК Facebook-тегі талқылаудан соң "ұлтараздықты өршіту" туралы іс қозғады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Жалал-Абад облысындағы Ноокен ауданы Массы ауылында болған оқиға Facebook-те талқыланған соң "этника аралық жаулықты қоздыруға шақыру" туралы іс қозғады.

Мамырдың 18-іне қараған түні 22 жастағы жергілікті тұрғын ауылдастарымен сөзге келіп, олардың төртеуіне пышақ салып қашып кеткен. 20 мамырда зардап шегушінің туыстары милиция ғимаратына келіп, қашып кеткен адамды ұстауды талап еткен. Кейіннен күдіктіні қырғыз-тәжік шекарасында тұтқындаған. Оған бұзақылық жасады деген айып тағып, екі ай мерзімге қамауға алған.

Әлеуметтік желілерде бұл оқиғаға байланысты үлкен пікірталас туып, кейбір қолданушылар, МҰҚК мәлімдеуінше, "ұлтаралық, нәсілдік, діни немесе аймақаралық жаулық тудыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз болатын комментарий жазған.

Комитет Facebook-те ұлтаралық жаулықты өршітуге бағытталған, қоғамға және заңға қарсы іс-қимылдарға шақырған "бірқатар қолданушының" анықталғанын айтады.

XS
SM
MD
LG