Accessibility links

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкцияны қатаңдатуды ойластырып жатыр


Линдси Грэм, америкалық сенатор.
Линдси Грэм, америкалық сенатор.

АҚШ конгресі сенатындағы Демократиялық партия мен Республикашыл партияның белгілі өкілдері Ресейге "ресейлік хакерлердің шабуылдарына" және Кремльдің өткен жылы АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуіне жауап ретінде жаңа санкция салуды ойластырып жатыр. Бұл туралы сенаттағы дерекөздірен сілтеме жасаған Politico басылымы хабарлады.

Санкциялар жеке заңмен немесе Иранға қатысты санкция режимін кеңейту туралы заңға түзету енгізу арқылы салынуы мүмкін. Басылым санкция заңды түзету арқылы енгізілуі әбден мүмкін екенін және ол осы аптаның соңында қарауға ұсынылатынын айтады. Санкцияны республикашыл Джон Маккейн мен Линдси Грэм және сенаттағы демократиялық фракция жетекшісі Чарльз Шумер қолдаған. Ресейге қарсы қосымша шаралар қабылдауды халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары демократ Бен Кардин де құптайды. Республикашылдар жетекшісі Митч Макконел Ресейге қарсы санкциялар туралы ұстанымын президент Дональд Трамптың инаугурациясына дейін-ақ "Ресей бізге дос емес" деген мәлімдемесімен білдірген.

Politico жаңа санкциялар Ресей өкілдеріне салынуы мүмкін, я болмаса бұрынғы президент Барак Обаманың жарлығымен енгізілген шектеу шаралары оларды Трамп әкімшілігі жоя алмайтындай ету үшін заңға айналдырылуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG