Accessibility links

Пентагон: Қытай Пәкістанда әскери база салмақ ниетте


Пекинде әскери парад кезінде көрсетілген DF-10 стратегиялық қанатты зымырандар (Көрнекі сурет).
Пекинде әскери парад кезінде көрсетілген DF-10 стратегиялық қанатты зымырандар (Көрнекі сурет).

Қытай Африкада шетелдегі алғашқы әскери нысанын салуды аяқтаған соң Пәкістанда әскери базаның құрылысын бастауға дайын. Бұл туралы Пентагонның 6 маусымда жариялаған есебінде айтылады. Есепте Пекиннің таяу уақытта Пәкістанда база салмаққа талпынып жатқаны айтылады.

Пентагон сарапшыларының мәліметінше, жылдық қорғаныс бюджеті 180 миллиард доллардан асатын Қытай Джибутидегі әскери-теңіз базасына қосымша "ежелден достық қарым-қатынас орнатқан жәнк стратегиялық мүдделері ортақ" елдерде база құруға ұмтылып жатыр. Жаңа база салынатын ел ретінде Қытайдың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қару-жарақ өткізетін басты нарығы - Пәкістан аталады. Қытай Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне 2011-2015 жылдар аралығында 20 миллиард доллардан астам қаржыға қару-жарақ экспорттаған.

Қытай өткен жылы Пәкістанмен сегіз сүңгуір қайығын жеткізу туралы келісім жасасқан. Қытайдың әскери әлеуетін арттыруы Пекиннің "Жаңа Жібек жолы" жобасын іске асыру туралы ауқымды ұсынысымен тығыз байланысты. Бұл жоба бойынша Азия, Африка және Еуропа елдерімен сауда-саттықты ұлғайту үшін порттар, теміржол желілері мен жолдар салу жоспарланған.

Пәкістан, Ауғанстан мен Орталық Азияның кейбір елдері бұл жобаны өздеріне экономикалық тұрғыдан пайда әкелетін мүмкіндік деп біледі.

XS
SM
MD
LG