Accessibility links

Түркияда Amnesty International бөлімінің басшысы ұсталды


Танер Кылыч, Amnesty International ұйымының Түркиядағы бөлімінің басшысы.
Танер Кылыч, Amnesty International ұйымының Түркиядағы бөлімінің басшысы.

Түркия билігі халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы жергілікті бөлімінің басшысы Танер Кылычты 6 маусымда мұсылман дін қайраткері Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұстады деп хабарлады құық қорғаушылар. Анкара Гүленді өткен жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды.

Танер Кылыч пен өзге 22 белсендіні полиция Измир провинциясында Фетхулла Гүленнің қозғалысымен байланысы бар болуы мүмкін деп ұстаған.

2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті іске аспай қалған соң билік 50 мыңнан астам адамды тұтқындап, 150 мыңнан астам адам - әскерилер, полицейлер, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлерді осы бүлікке қатысы бар деген күдікпен жұмысынан босатқан.

"Танер Кылычтың түрік билігі аяққа таптауға бейіл еркіндіктерді қорғаудағы тәжірибесі зор және мінсіз" деп мәлімдеді Amnesty International-дің бас хатшысы Салил Шетти.

Түркия билігі 240-тан астам адам қаза тапқан төңкеріс жасау әрекетінің қаупі мен салдары ауыр екенін алға тартып, қолданып жатқан шараларын заңға сай деп біледі.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарып, оны айыптайды. Түркиялық және шетелдік сыншылардың пікірінше, Түркия президенті Режеп Ердоған бүлікті елдегі өзгеше ойлайтындарды басып-жаныштап, бәсекелестерінің көзін жою үшін пайдаланып отыр.

XS
SM
MD
LG