Атырау қалалық № 2 қылмыстық соты қаланың сот актілері мен мемлекет мүддесінің өкілдігінің заңдылығын қадағалау міндеттерін атқаратын бұрынғы прокуроры Азамат Қоқамановты алаяқтық жасау" бабымен төрт жарым жылға соттады. Бұл туралы Азаттыққа Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот үкімі 6 маусымда шыққан.
34 жастағы Азамат Қоқамановқа "Атыраудағы "Үміт Айс" фирмасының механигі Қайрат Меңдіғалиевтен 2 миллион теңге алды және оған тағылған еңбек заңдылығын бұзу айыбын оң шешуге ықпал ететінін айтып тағы 2,5 миллион теңге талап етті" деген айып тағылған.
Екі айдан астам уақытқа созылған процесте сот Қоқамановтың мүлкін тәркілеп, лауазымы мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан мүлде айыру туралы қаулы шығарды. Сот үкімі әл заңды күшіне енген жоқ.