Accessibility links

Алматыда нөсерден соң арықтан қыздың мәйіті табылды


Жаңбырдан кейінгі Алматы (Көрнекі сурет).
Жаңбырдан кейінгі Алматы (Көрнекі сурет).

Алматыда нөсерден соң 7 маусымға қараған таңда құтқарушылар көшедегі жаңбыр суы ағатын арықтан 1994 жылы туған қыздың денесін шығарып алды деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оның ақпаратына қарағанда, қыздың мійіті әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысындағы арықтан табылған. Иманқұлов марқұмның өліміне не себеп болуы мүмкін екенін айтпады.

Бірақ жергілікті ақпараттық сайттар оқиғаға куә болған адамға сілтеме жасап, қызды арыққа "су ағыны тартып кеткенін" жазып жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінен оқиғаның жай-жапсарын анықтау мүмкін болмады. Tengrinews.kz сайты қыздың денесі куәгерлер оны құтқармақ болып, су ағысын басқа жаққа бұрған соң шығарылғанын жазды.

Алматыда нөсер жауында қала көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын су басып, арықтар суға толып қалады. Қалалық құтқару қызметі 6-7 маусым күндері қала өзендерінде су тасу болуы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG