Accessibility links

Назарбаев Роуханиге көңіл айту жеделхатын жолдады


Шабуыл жүріп жатқан Иран парламенті жанында тұрған полицейлер. Тегеран, 7 маусым 2017 жыл.
Шабуыл жүріп жатқан Иран парламенті жанында тұрған полицейлер. Тегеран, 7 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хассан Роуханиге Тегерандағы шабуылдардан бірнеше адам құрбан болғанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Назарбаев Қазақстан халқы мен өз атынан шабуылдардан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

"Біз халықаралық терроризм мен экстремизмнің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез-келген формасын айыптаймыз. Қазақстан Иранмен бейбітшілік және екі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлерімен күресте ынтымақтастық орнатуға қашан да даяр" деген Назарбаев жеделхатында.

Тегеранда 7 маусымда Иран парламенті қаланың оңтүстік шетіндегі аятолла Хомейни мавзолейіне бірнеше қарулы адам шабуыл жасап, 13 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Бірақ Ислам революциясын қорғау корпусы мен Иран билігінің жоғары шенді шенеуніктері шабуылдарға Сауд Арабиясы мен АҚШ-ты айыптаған.

XS
SM
MD
LG