Accessibility links

"Халық банк" еншілес банкіндегі акциясын Қытай корпорацияларына сатады


"Халық банктің" Алматыдағы бөлімшелерінің бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі "Халық банкі" еншілес Altyn Bank компаниясының акцияларын қытайлық China CITIC Bank Corporation және China Shuangwei Investment компанияларына сататынын мәлімдеді. Еншілес Altyn Bank-тің 60 пайыз акциясын сататыны туралы мәлімдеме "Халық банктің" сайтында жарияланды. Ақпаратқа қарағанда, транзакция осы жылдың екінші жартысында аяқталмақ.

"Халық банкі" Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен күйеубаласы Тимур Құлыбаев бірге иелік ететін "АЛМЭКС" холдингінің құрамында. Ерлік-зайыпты Құлыбаевтар америкалық Forbes журналы жариялайтын әлемнің ең бай адамдары тізіміне кірген. Журналдың мәліметінше, Құлыбаевтардың байлығы төрт миллиард доллардан асады.

"Халық банк" транзакция аяқталған соң Altyn Bank-тің 40 пайыз акциясына ие болып қалатынын және "белгілі бір құқықтарды" пайдалана беретінін айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG