Accessibility links

ИМ Пәкістанда Қытайдың екі азаматын "өлтіргенін" мәлімдеді


Кветтада 24 мамырда қарулы адамдар ұрлап әкеткен Қытай азаматтары Ли Синьчэн (сол жақта) мен Лу Линг Лина, Пәкістан.
Кветтада 24 мамырда қарулы адамдар ұрлап әкеткен Қытай азаматтары Ли Синьчэн (сол жақта) мен Лу Линг Лина, Пәкістан.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Пәкістанның Белуджистан провинциясында мамырдың соңында ұрлап әкеткен Қытайдың екі азаматын өлтіргенін мәлімдеді. Содырлар сонымен қатар қытайлық азаматтарды өлтіргені жайлы видеосын да жариялады. Ақпараттарға қарағанда, қытайлықтар Иранмен және Ауғанстанмен шектесетін Белуджистан провинциясының астанасы Кветта қаласында урду тілін үйреніп, қытай тілінен сабақ беріп жүрген. Қытайлық Ли Синьчэн мен Лу Линг Линаны белгісіз қарулы адамдар 24 мамырда Кветтада ұрлап әкеткен.

ИМ-нің мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Пәкістанның қауіпсіздік қызметі Белуджистан провинциясында содырларға қарсы жүргізген арнайы операциясының видеожазбасын жариялаған. Пәкістан билігі "Лашкар-и-Джангви әл-Алами" тобының жаттығу лагерін жойғанын хабарлады. Бірақ аталған топ операция кезінде қираған нысандар мен көзі жойылған содырлар ИМ-ге тиесілі екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, Қытай азаматтары кек алу мақсатында өлтірілген.

Қытай Пәкістанда инфрақұрылым нысандарын белсенді түрде салып жатыр. Соңғы бір жарым жылда бұл елде қытайлықтардың саны күрт артты. Қытайдың ресми Xinhua агенттігі Пекин өз азаматтарының өлтірілгені турлы хабарға "қатты алаңдайтынын" және Пәкістан билігімен бірге оны анықтайтынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG