Accessibility links

АҚШ истребителі Сирияда ұшқышсыз басқарылатын ұшақты атып түсірді


Америкалық F-15 истребителі (Көрнекі сурет).
Америкалық F-15 истребителі (Көрнекі сурет).

Америкалық F-15 истребителі Сирияда "халықаралық коалиция күштерінің әскерилеріне шабуыл жасамақ болған" ұшқышсыз басқарылатын ұшақты атып түсірді.

Пентагонның мәлімдеуінше, Сирия президенті Башар Асадты жақтайтын қарулы құрылым ирандық ұшқышсыз басқарылатын ұшақты коалицияның құрлықтағы күштеріне соққы жасау үшін ұшырған. Коалиция әскері Сирия-Йордания шекарасына жақын әл-Танаф қаласының маңында Сирия оппозициялық жасақтарымен бірге патруль жасайды. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ оғы жоқ зымырандар атқан. АҚШ әскерилерінің сөзінше, аталған ұшақты пайдаланудың өзі "күш көрсету" болып саналады және АҚШ оған "лайықты жауап берген". "Үкіметшіл құрылымдар келісімді бұзып, деэскалация аймағында қалып отыр. Біз өзімізге қарсы шабуылдардың барлығына тойтарыс береміз" деді коалиция күштерінің өкілі.

8 маусымда үкіметшіл қарулы құрылымдарға тиесілі техникалық көмек көрсететін бірнеше көлік әл-Танаф қаласына жақын деэскалация аймағына еніп кетіп, коалиция әскери-әуе күштерінің шабуылына ұшыраған.

XS
SM
MD
LG