Accessibility links

Назарбаев "ислам әлеміндегі қайшылықтарға" алаңдайтынын мәлімдеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесіп отыр. Астана, 9 маусым 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесіп отыр. Астана, 9 маусым 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ислам әлемінде болып жатқан қайшылықтарға қатты алаңдап отырғанын" мәлімдеді. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы Астанада бүгін Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесуінде айтты.

Осы апта басында Сауд Арабиясы бастаған бірнеше араб елдері Катарды Парсы шығанағында экстремизмді қолдап отыр деп айыптап, онымен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген. 6 маусымда Қазақстан сыртқы істер министрлігі кикілжіңге келген тараптарды ұстамдылық танытуға және жағдайды реттеуде консенсусқа келуге шақырған. Катар билігі өзіне тағылған айыптарды терістейді.

Қазақстан 1995 жылдан бері Ислам ынтымақтастығы ұйымының құрамында. Қазақстан 2011-2012 жылдары бұл ұйымға төраға болған. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Парсы шығанағы елдері өзара түсінісіп, бір-біріне деген сенімділікті қалпына келтіреді деп үміттенетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG