Accessibility links

Парламент сайлауынан соң фунт стерлинг бағамы күрт төмендеді


Номиналы 20 фунт стерлинг банкнот (Көрнекі сурет).
Номиналы 20 фунт стерлинг банкнот (Көрнекі сурет).

Ұлыбританиядағы мерзімінен бұрын парламент сайлауының нәтижесі күткендегіден өзгеше болған соң жұмада таңғы саудада британ фунт стерлингінің бағамы күрт төмендеді. Фунт стерлингтің долларға шаққандағы бағамы 2 пайызға, еуроға шаққанда бір жарым пайыздан аз төмендеді. Дегенмен, фунт стерлингтің бұл жолғы арзандауы өткен жылы шілдеде brexit туралы референдумнан кейін болған құлдыраудан әлдеқайда аз. Ол кезде фунттың долларға шаққандағы бағамы 11 пайызға құлдыраған.

Ұлыбритания парламентіне мерзімінен бұрын сайлауда консерваторлар басыдығынан айырылып қалды. Үкіметті кім жасақтайтыны әзірге белгісіз. Парламенттің қауымдар палатасындағы 650 орынның әзірге дейін 646-сына қатысты дауыстары саналды. Оның қорытындысы бойынша, консерваторлар 315 орынға ие болып, 12 орыннан айырылған. Лейбористер бұл жолы 261 орынға ие болған. Бұл - бұған дейінгі сайлауда алған орыннан 29-ға артық. Ешқандай партия көпшілік орынға ие болмады.

Сәуір айында мерзімінен бұрын сайлау белгілеген премьер-министр, консерваторлар жетекшісі Тереза Мэй Еуропа Одағынан шығу жөніндегі келіссөзді бастар алдында позициясын нығайтып алмаққа үмітті болған еді. Бірақ сайлауда оның партиясының көрсеткіштері нашарлай түсті. Мэйдің қарсыластары, тіпті Консервативтік партияның кейбір мүшелері Мэйді отставкаға кетуге шақырған.

XS
SM
MD
LG