Accessibility links

Алматыдан 300 шақырымда екі жер сілкінісі тіркелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығының хабарлауынша, бүгін, маусымның 10-ы күні Алматыдан 300 километрдей қашықтықта екі рет жер сілкінісі тіркелген.

Сейсмологтардың мәліметінше, қуаттылығы 4,6 магнитуданы құрайтын бірінші дүмпу Алматы уақыты бойынша сағат 08.04-те тіркелген. Сілкініс ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 301 километрде болған. Екінші дүмпу сағат 10.52-де Алматыдан оңтүстікке қарай 307 километр қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің қуаттылығы 4,0 магнитуданы құраған.

Екі жолы да жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында болған.

Алматы қаласында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG