Accessibility links

Украина азаматтары үшін Еуроодаққа визасыз бару режимі күшіне енді


Украинаның Польшамен шекарасында тұрған көліктер мен жол бойындағы "Жолыңыз болсын" деген жазу. 31 мамыр 2017 жыл.
Украинаның Польшамен шекарасында тұрған көліктер мен жол бойындағы "Жолыңыз болсын" деген жазу. 31 мамыр 2017 жыл.

Маусымның 11-інен бастап Украина мен Еуропа Одағы арасында визасыз режим тәртібі күшіне енді. Украина сыртқы істер министрлігі жексенбі күні таңертең бірнеше сағаттың ішінде жүздеген украин азаматы Еуропа Одағы аймағына визасыз өткені туралы мәлімдеді.

Украина азаматтарының Еуроодақ елдеріне визасыз сапарлау тәртібі туралы екіжақты келісімді өткен айда Еуропарламент қол қойып, бекіткен. Жаңа тәртіп бойынша, Украинаның биометриялық төлқұжаты бар барлық азаматы Еуропа Одағы елдерінде әр жарты жыл аралығындағы уақытта 90 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады. Бірақ жаңа режим украин азаматтарына Еуроодақ елінде жұмыс істеуіне құқық бермейді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини "Украина өз азаматтары үшін біз сұраған реформаны іске асырды, Еуропа Одағында біз де берген сөзімізде тұрдық" деп мәлімдеді.

Еуропа Одағымен келісімнің күшіне енуіне байланысты сенбі күні Киевте өткен шарада сөйлеген сөзінде Украина президенті Петр Порошенко өз елінің «еуропалық халықтар отбасына қайтып оралғаны» туралы мәлімдеген.

Сонымен бірге Порошенко болашақта Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО ұйымына мүше болатындығына үміт білдірген.

2014 жылы Еуромайдан шеруі және мәскеушіл саясаткер Виктор Янукович Ресейге қашып кеткеннен кейін елде билікке келген басшылықтың сайлаушыларға берген негізгі уәделерінің бірі – Еуропа Одағымен арада визасыз қатынас орнату болатын.

Украиналықтар ЕО елдеріне визасыз баратындарына қуанышты:

Украиналықтар Еуроодаққа визасыз бара бастады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:39 0:00

XS
SM
MD
LG