Accessibility links

Ресейде полиция оппозиционер Вячеслав Мальцевті ұстаған


Ресейлік оппозиционер Вячеслав Мальцев.
Ресейлік оппозиционер Вячеслав Мальцев.

Ресей құқық органдары оппозиционер Вячеслав Мальцевті ұстаған. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде белсенді Сергей Окунев хабарлады.

Бұған дейін полиция Мальцевтің үйінде оның жақын серігі Алексей Политиковты ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Құқық өкілдері Мәскеуде наурыздың 26-сы күні болған шеруге қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында әрекет етіп жатыр деп хабарлайды "Медиазона" сайты "Открытая Россия" қозғалысының адвокаты Сергей Бадамшинге сілтеме жасап.

Маусымның 10-ы кешкісін полиция Мәскеу түбіндегі Мальцевтің үйін тінткен. Оның алдында оппозиционердің жақтастары Вячеслав Мальцевтің Лохинодағы үйіне полиция өкілдері келгені туралы хабарлаған. Мальцев YouTube сайты арқылы эфирге шығатын "Артподготовка" хабарын осы үйден жүргізетін.

Сәуір айында Мәскеудің Тверь аудандық соты Вячеслав Мальцевті биылғы наурыздың 26-сы күні Ресей астанасында биліктің келісімінсіз өткен наразылық шеруі кезінде полицияға бағынбағаны үшін әкімшілік жауапқа тартып, 15 тәулікке қамаған. Полиция оппозиционерді сәуірдің 13-і күні таңертең Саратов қаласындағы пәтерінен ұстаған.

XS
SM
MD
LG