Accessibility links

АҚШ ұшақтары Сомалидегі "Аш-Шабаб" тобына соққы берген


Сомалидегі босқындар лагеріне Түркия Қызыл жарты ай ұйымы гуманитарлық жәрдем жеткізген. 23 мамыр 2017 жыл.
Сомалидегі босқындар лагеріне Түркия Қызыл жарты ай ұйымы гуманитарлық жәрдем жеткізген. 23 мамыр 2017 жыл.

АҚШ әскери ұшақтары Сомалидегі "Аш-Шабаб" экстремистік тобына шабуылдағаны туралы Пентагон мәлімдеген. Америкалық әуе күштері Сомали астанасы Могадишо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан "Аш-Шабаб" нысандарына соққы берген. АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде бұл әуе соққысы АҚШ-тың осы аймақтағы серіктестерімен бірлесіп үйлестірілгені және "Аш-Шабаб" тобының үкімет әскеріне жасаған шабуылына жауап ретінде берілгені айтылған.

Пентагон мәлімдемесінде әуе соққысының нәтижесі қандай болғандығы және қанша дұшпанның көзі жойылғаны немесе зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Сомали президенті Мохамед Абдуллахи Мохамедтің кеңсесі мемлекет басшысының ел әскеріне "халықаралық әріптестердің" қолдауына сүйеніп "Аш-Шабаб" тобына қарсы операция жүргізуге келісімін бергенін растаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Аш-Шабаб" тобына қарсы операцияларды кеңейтуді, соның ішінде әскери іс-қимылдар белсенді жүріп жатқан Сомалидің оңтүстігіндегі әуе соққысы туралы шешімді қолдаған.

XS
SM
MD
LG