Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы екі палатаның біріккен отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойды. Қаулыда отырыстың 19 маусым күні сағат 10-да басталатыны айтылған. Нұрлан Нығматулиннің парламент палаталарының біріккен отырысы туралы қаулысы мәжіліс сайтында жарияланды.
Мұның алдында, 6 маусым күні өткен сенат пен мәжілістің біріккен отырысында Конституцияға түзетулер қабылданған еді. Ол тузетулер парламентке 3 наурызда енгізілген болатын.
28 маусым күні Қазақстанда сенат сайлауы өтеді, онда ел аумақтары мен республикалық маңызы бар қалалардан депутаттар сайланады.