АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамптың ел аумағына мұсылмандар басым тұратын жеті мемлекет азаматтары мен босқындардың кіруіне тыйым салу туралы жарлығының күшін тоқтату туралы төменгі инстанция сотының шешімін қолдады. Апелляциялық сот алқасының үш мүшесі Гавайи сотының бүкіл ел аумағына күші жүретін шешімін мақұлдады. Бұған дейін Гавайи соты «президент Трамптың жарлығы мұсылмандар туралы теріс ұғымның салдарынан туған» деген негізбен оның күшін тоқтатқан.
Ақ үй әкімшілігі Ливия, Иран, Йемен, Сирия, Сомали және Судан азаматтарына қатысты президент жарлығы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатын көздейтінін алға тартады.
Апелляциялық сот мүшелерінің кесімінде: «Жарлықты шығарған кезде президент өзіне конгресс берген өкілеттіктерін асырған деген ұйғарымға келдік» делінген. Бұл мәселе бойынша президенттің қаңтарда қабылдаған жарлығында әлгі елдермен қоса Ирак азаматтары да аталған еді. Кейін наурызда шыққан жарлық ішінара өзгертілген болатын.