Accessibility links

Мюнхен маңындағы атыста полиция өкілі жараланған


Германиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Германиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Германияның Мюнхен қаласы маңында бүгін болған атыс салдарынан кемінде бір полиция қызметкері жараланған. Мюнхен полициясы өкілінің ақпараты бойынша, оқиға Унтерфёринг жерасты пойыздары вокзалы ғимаратында болған. Оқ атқан адамның кім екені әзірше анықталған жоқ.

Бавария радиосы полициядан алынған алдын ала мәліметке сілтеме жасап, бұл шабуылдың терроризмге қатысы болмауы мүмкін деген ақпарат таратты.

XS
SM
MD
LG