Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға сапармен келген Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды талқылады деп хабарлады бүгін ресми баспасөз құралдары. Маргвелашвилидің Астанаға сапары аясындағы алғашқы кездесу екеуара өткен, кейін кеңейтілген құрамда қайта жалғасқан.
Екі елдің басшылары аймақтағы ахуалды, қауіпсіздік мәселелерін де талқылаған. Маргвелашвили Грузияның егемендігі мен территориясының тұтастығына қолдау білдіргені және «басып алынған территорияларды» мойындамау саясаты үшін Қазақстан президентіне алғысын білдірген деп хабарлайды БАҚ.
Грузия президентіның Астанағы сапары барысында Маргвелашвилидің Қазақстанның үкімет жетекшісімен, парламенттің жоғарғы және төменгі палаталары төрағаларымен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге грузин делегациясы Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізілетін Грузия күні мерекелік шарасына қатыспақшы.