Ресей президенті Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунге берген сұхбатында Ресейде БАҚ-тың қадағаланбайтынын мәлімдеді. "БАҚ-т қадағалау мүмкін емес" деді Путин. Ол Ресей оппозициясының проблемасы - оның "саяси күн тәртібіне шығарған мәселелерінің қызық еместігінде және оның сайлаушылар қолдауына ие болуға кедергі болатынында" екенін айтты.
Путин сұхбатында Ресейдегі демократияның қалыпты дамуын егемендіктің қажет екенімен тағы да байланыстырды. Ол көп елдер одақтастары алдындағы міндеттемесіне байланып, өзінің егемендігін шектейді деп санайды. Путин сонымен қатар АҚШ, Франция немесе Германиядағыдай тәртіптің ертең орнай қалуы неғайбыл екенін анық ұқтырды. Ресей президентінің сөзінше, мемлекет біртіндеп дамуы тиіс.
12 маусымда Ресейдің көптеген қаласында коррупцияға қарсы митингілер болған. Митингілерде мыңнан астам адам ұсталды. Сол күні мемлекет бақылайтын кейбір БАҚ қарсылық акциялары туралы хабарлаудан тартынған.
Оливер Стоунның "Путинмен сұхбат" топтамасы америкалық кабельдік Showtime арнасында шығады. Путин бұл сұхбатында өзінің немересі барын бірінші рет айтты. Сұхбат Ресейде келесі аптада көрсетілмек.