Accessibility links

HRW: Әлем кубогы нысандарын салатын жұмысшылардың құқығы бұзылып жатыр


Мәскеудегі "Лужники" стадионын реконструкциялап жатқан жұмысшылар. 23 наурыз 2017 жыл.
Мәскеудегі "Лужники" стадионын реконструкциялап жатқан жұмысшылар. 23 наурыз 2017 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына арналған нынсандарды салатын жұмысшылардың жалақы алмағаны, қауіпті жағдайда жұмыс істегені және қауіп-қатерге ұшырағаны туралы жайттарды тіркегенін хабарлады.

Ұйым әлем кубогын өткізуге арналған құрылыс алаңдарында кем дегенде 17 жұмысшының қаза тапқанын айтады. "Стадиондарды салып жатқан құрылысшылар қанау мен заң бұзушылықтарға ұшырап отыр, ал FIFA әзірге жағдайды тиімді қадағалап, бұл проблемалардың алдын ала алып, жоя алмай отыр" дейді HRW директоры Джейн Бьюкенен.

FIFA Ресейдегі құрылыс алаңдарындағы "қолданыстағы еңбек стандарттарына сәйкес келмейтін кейбір жайттарды" мойындаған. FIFA Ресей территориясындағы адам құқығы мен еңбек құқығын қорғау жауапкершілігі Ресей билігінің мойнында екенін және ол құрылыс компанияларының жұмысшылар құқығын сақтауын қадағалауы тиіс екенін айтады.

Ресейде футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы өтеді.

XS
SM
MD
LG