Accessibility links

Гутерриш Ауғанстандағы қақтығысты саяси жолмен шешуге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Кабул түбіндегі ел ішіндегі босқындарға арналған лагерде кездесу өткізіп тұр. Ауғанстан, 14 маусым 2017 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Кабул түбіндегі ел ішіндегі босқындарға арналған лагерде кездесу өткізіп тұр. Ауғанстан, 14 маусым 2017 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Антионио Гутерриш Кабулға шұғыл сапарлап, онда Ауғанстандағы соғыстан үй-күйінен айырылған босқындармен кездесті.

14 маусымда Кабул түбінде ел аумағында босып жүрген азаматтар тұратын лагерге барған Гутерриш "Қақтығысушы барлық тараптар бірігуі тиіс, себебі бұл соғыстың әскери шешімі жоқ. Бізге саяси шешім, бейбітшілік керек" деді.

Кабулға барған соң Гутерриш Twitter-де БҰҰ "зорлық-зомбылық пен қиын жағдайда Ауғанстан жағында болатынын" жазды.

Гутерриш Ауғанстанға 31 мамырда Кабулда болған ірі жарылыстан соң барып отыр. Кабулда 31 мамыр күні таңертең дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданда күшті жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза тапқан.

Антонио Гутерриш Ауғанстанға барарының алдында Орталық Азия елдеріне сапарлаған.

Антонио Гутерриштің орынбасары Ян Кубиш "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы мен оның жұмысын стратегиялық тұрғыдан саралау туралы тапсырмасын орындап бітіру мақсатында" осы апта басында Кабулға барған.

XS
SM
MD
LG