Accessibility links

Балалар құқығы жөніндегі уәкілдің қабылдау бөлмесі ашылды


Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиеваның қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді ата-аналар мен олардың балалары және жастар ұлттық Call center-ге хабарласып қана емес, тікелей уәкілмен кездесіп, өздерін толғандырған мәселелерді айта алады.

Қабылдау бөлмесінің ашылуына парламент депутаттары, БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қоры мен бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты, балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, қабылдау бөлімі мемлекет қаражатының есебінен емес, демеушілердің қолдауымен ашылып отыр.

Қабылдау бөлімі сонымен бірге, жастар мен балалар мәселелері бойынша пікір алмасу алаңына айналдыру жоспарда бар. Мұнда айтылған ұсыныс, өтініш-шағымдар уәкіл арқылы мемлекеттік органдар мен үкіметке жеткізіледі.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда жылына төрт жүзден астам бала суицид жасауға әрекеттенеді. Былтыр кәмелетке толмаған адамды өз-өзіне қол салуға итермелеу фактісі бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG