Accessibility links

Лондондағы өрттен қаза тапқандар саны 17 адамға жетті


Лондонның батысындағы өртенген көп қабатты ғимарат. 15 маусым 2017 жыл.
Лондонның батысындағы өртенген көп қабатты ғимарат. 15 маусым 2017 жыл.

Лондонның батыс шетіндегі көп қабатты ғимараттағы өрттен қаза тапқандар саны 17-ге жетті, 80-ге тарта адам ауруханада жатыр. Жергілікті билік құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген қауіп айтады. 500-ге тарта адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Құтқарушылар өртенген үйден тірі қалғандарды табудан үміт үзе бастаған.

27 қабатты Grenfell Tower ғимараты сәрсенбіде өртенген. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге шамамен 200 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт кезінде ғимаратта 600-ге дейін адам тұрған болуы мүмкін. Еріктілер зардап шеккендерге бір миллион фунттан астам қаржы жинады. Қаржы өртте баспанасынан айырылғандарға және құрбандардың туыстарына көмектесуге жұмсалады.

Өрт болған жерге Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй барды. Ол өрт сөндірушілермен сөйлесіп, қайғылы оқиғаны мұқият тексеруді ұйымдастыруға уәде берді. Мұның алдында өртке байланысты британ парламентінде басқарушы коалиция құру туралы келіссөз кейінге ысырылған болатын. Келіссөз бүгін жалғаспақ.

XS
SM
MD
LG