Accessibility links

Ұлыбритания мен ЕО brexit келіссөзінің мерзімін жариялады


Мишель Барнье, Еуропа Одағының (ЕО) brexit бойынша бас келіссөз жүргізушісі.
Мишель Барнье, Еуропа Одағының (ЕО) brexit бойынша бас келіссөз жүргізушісі.

Ұлыбританияның brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис пен Еуропа Одағының (ЕО) бас келіссөз жүргізушісі Мишель Барнье Ұлыбританияның одақтан шығуы жөніндегі ресми келіссөз 19 маусымда басталатынын мәлімдеді. Процестің келесі аптада басталатыны күні бұрын болжанған болатын. Бірақ премьер-министр Тереза Мэйдің партиясы бір апта бұрын мерзімінен ерте сайлауда парламенттегі көпшілік орынға ие бола алмай қалғандықтан келіссөздің ерте басталатынына күмән көбейе түскен. Барнье Twitter-де "Біз бастаймыз" деп жазды.

Сайлаудан соң Мэйге қысым күшейе түсті. Одан brexit-ке қатысты агрессивті ұстанымын басуды және миграцияны қадағалауды азайту есебінен біртұтас Еуропа нарығымен барынша тығыз байланысты сақтауға мүмкіндік беретін саясатты ұстануды талап ете бастады. Парламентте көпшілік орынға ие бола алмай қалған соң Мэй ультра консервативтік Демократиялық юнионистік партиясынан өзінің фракциясын қолдауды сұрады. Солтүстік Ирландия халқының басым көпшілігі Ұлыбритания ЕО-да қалуын қолдаған, бірақ юнионистер brexit-ті қолдаған. Brexit процесі аяқталған соң Солтүстік Ирландияның Ирландиямен шекарасы Ұлыбританияның ЕО-мен арадағы бірден бір құрлықтағы шекарасына айналмақ.

XS
SM
MD
LG