Accessibility links

Кабулда мешітке шабуылдан төрт адам қаза тапты


Кабулдағы шабуыл жасалған шииттер мешіті жанында жүрген қауіпсіздік күштері. Ауғанстан, 21 қараша 2016 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабулда жанкешті шииттердің әл-Захар мешітіне шабуыл жасап, кем дегенде төрт адамды өлтіріп, бес адамды жаралады. 15 маусым күні болған шабуылда күдікті мешітке кірмек болған, бірақ полиция оны тоқтатып, екі арада атыс басталған. Сосын шабуыл жасаған адам мешіт жанындағы асханаға қашып кіріп, денесіне таңып алған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды.

Шабуыл мешітке келушілер қарасы көбейетін кешкі мезгілде жасалды. Шииттердің мешіті бұрын да шабуылға ұшыраған. Өткен жылы қарашада шииттер мешітіне шабуылдан 30-дан астам адам қаза тапқан. Бұл шабуылдың және өткен жылы шілдеде негізінен шииттер қатысқан наразылық акциясында жасалған шабуылдың жауапкершілігін ИМ мойнына алған.

XS
SM
MD
LG