Accessibility links

Алтынемел табиғи паркі мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО желісіне қосылды


Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Қазақстанның Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Қаратаудағы биосфералық қорығы және Ресей мен Қазақстандағы "Үлкен Алтай" қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісіне енгізілді. БҰҰ ақпараттар орталығының хабарлауынша, бұл туралы шешім 12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен "Адам және биосфера" бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясында қабылданған. Сессияда жаңадан 23 биосфералық қорық ЮНЕСКО желісіне қосылған.

ЮНЕСКО желісіне сонымен қатар Ресейдің "Хакасск", Кизлярск түбегі" және "Метсола" қорықтары енгізілген.

Қазір Дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісіне 120 елдегі 700-ге тарта нысан қосылған.

Қазақстандағы аса ірі табиғи парктердің бірі – Алтынемел 1996 жылы құрылған. Онда өсімдіктің 1800 түрі, омыртқалы жануарлардың 200-ге жуық түрі бар. Алтынемелді Қызыл кітапқа енген ақ сусар, қарақұйрық, арқар, Бұқар маралы, құлан, сілеусін, Тянь-Шань қоңыр аюы және Пржевальский жылқысы мекендейді.

Қаратау қорығы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Аумағы 34,3 мың гектар болатын қорық 2004 жылы құрылған.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы фотогалереяны қараңыз:

XS
SM
MD
LG