Accessibility links

Бішкекте Қытай елшілігіндегі жарылыс ісі бойынша сот үкімі шықпақ


Бішкектегі Қытай елшілігі.
Бішкектегі Қытай елшілігі.

Бішкек соты жұма күні Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінде жарылыс жасау ісі бойынша айыпты деп танылғандарға үкім шығарады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына адвокат Курманбек Туйбаев айтты.

2016 жылы 30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігінде жарылыс болған. Шабуылда жанкештінің өзі мерт болып, елшіліктің үш қызметкері жараланған.

Әуелде бұл жарылысты ұйымдастырды деп алты адам күдікке ілінген. Кейін тергеу барысында олардың үшеуінің жарылысқа қатысы жоғы анықталды. Қалған үш қырғыз азаматын билік жарылыс ұйымдастыруды қаржыландырды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG