Accessibility links

Қырғызстанда Қытай елшілігіндегі жарылысты «жанкешті жасаған»

Жарылыс болған жерде тұрған полиция қызметкері. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.
Жарылыс болған жерде тұрған полиция қызметкері. Бішкек, 30 тамыз 2016 жыл.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) "Қытайдың Бішкектегі елшілігінде болған жарылыстан бір адам қаза тауып, үш адам жараланғанын" хабарлады. Ал осы елдің вице-премьері Жеңиш Разаков "жарылысты жанкешті жасағанын" мәлімдеді.

Қазір құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері оқиға болған жерде жүр. Қырғызстан ТЖ министрі Кубатбек Боронов та оқиға орнына барған.

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Жеңиш Разаков та Бішкектегі Қытай елшілігінде жүр. Мәліметке қарағанда, жанкешті "Мицубиси Делика" көлігімен елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің көлігі талқан болып, техника қалдықтары жан-жаққа шашылған, женкештінің денесі де бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

Қытай елшілігі Бішкектегі "Киргизия-2" ауданындағы Бакаев көшесінде орналасқан. Елшіліктің қырғызстандық күзетшісі басынан жарақат алған. Жанкештіден басқа құрбан жоқ. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жанкештінің мақсатына жетуіне брондалғон қақпа кедергі келтірген.

Бішкектің қалалық медициналық жедел жәрдем қызметі үш адамның жарақат алғанын хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Қытай елшілігіндегі жарылыс (суретті басыңыз)

Бішкектегі Қытай елшілігіндегі жарылыс

1/22
Қытай елшілігіне жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жарылыстың қатты болғанын, маңайдағы үйлердің терезелері сынғанын айтады. 
2/22 Қытай елшілігіне жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жарылыстың қатты болғанын, маңайдағы үйлердің терезелері сынғанын айтады. 
3/22
4/22
5/22
6/22
7/22
Қазір ТЖМ құтқарушылары, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері оқиға болған жерде жүр. Қырғызстан ТЖ министрі Кубатбек Боронов та оқиға орнына барған.
8/22 Қазір ТЖМ құтқарушылары, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері оқиға болған жерде жүр. Қырғызстан ТЖ министрі Кубатбек Боронов та оқиға орнына барған.
Қырғызстандағы Қытай елшілігіндегі жарылыс мекеме аумағының ішінде болған деген ақпарат бар.  
9/22 Қырғызстандағы Қытай елшілігіндегі жарылыс мекеме аумағының ішінде болған деген ақпарат бар.  
Қазір бұл ауданды полиция қоршап тұр. 
10/22 Қазір бұл ауданды полиция қоршап тұр. 
Алғашқы ақпараттарға қарағанда елшіліктің батыс қапталындағы брондалған қақпаны жанкешті көлікпен қиратып кіріп, жарылғыш құрылғыны іске қосқан.  
11/22 Алғашқы ақпараттарға қарағанда елшіліктің батыс қапталындағы брондалған қақпаны жанкешті көлікпен қиратып кіріп, жарылғыш құрылғыны іске қосқан.  
12/22
13/22
14/22
15/22
16/22
17/22
18/22
19/22
20/22
21/22
22/22
Previous slide
Next slide

Қытай елшілігі аумағында болған жарылыстан маңайындағы үйлердің терезелері сынған. Бұл туралы сол аудандағы өзін Замир деп таныстырған күзетші айтқан. Оның сөзіне қарағанда, жарылыс кезінде шыққан оттың жалыны өте биік болған.

Елшілік аумағында жарылыстың қатты болғанын, терезелердің сынғанын сол маңдағы тұрғындар да растады.

Оқиға орнынан түсірілген видео:

Бішкекте Қытай елшілігінде жарылыс болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00

Азаттықтың Қырғыз қызметінің ақпараты қырғыз тілінен аударылды.

Айдар
XS
SM
MD
LG