Accessibility links

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігуін тергеуде өзін қорғайтын жеке адвокат жалдағаны белгілі болды.

Пенстің Федералдық тергеу бюросының директоры, Ресейдің килігуін тергеуді басқарған Джеймс Комиді қызметінен босатуға қатысы бар. Президент Дональд Трамптың қарсыластары Комидің босатылуын әділ тергеу жүргізуге кедергі келтіру деп бағалаған. Әділет министрлігінің арнайы прокуроры Роберт Мюллер өткен жылы қарашада болған президент сайлауында Трамптың сайлауалды штабы Кремльмен Трамптың қарсыласы Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету мақсатында сөз байласты ма және Трамп әкімшілігі оның ізін жасыруға тырысты ма деген мәселені анықтайды.

15 маусымда Дональд Трамп Washington Post газетін сынаған. Басылым Мюллер жүргізіп жатқан тергеуде Джеймс Комидің тергеуіне кедергі келтіру үшін оны қызметінен алған президенттің өзі басты нысанаға айналуы мүмкін екенін хабарлаған.

"Мен Америка тарихындағы ақымақтар мен жасықтар ұйымдастырған ең үлкен мыстан аулау науқанының құрбаны болдым. Жолы болмаған бәсекелесім, заңды бұзып, қызметтік хаттарын интернеттегі қорғалмаған почтасынан алмасқан Хиллари Клинтон сот төрелігінен жалтарып кеткенде мен қалайша тергеуге ұшыраймын?" деп жазды Трамп Twitter-де.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG