Accessibility links

"Эйр Астана" ұшағынан тағы ақау шықты


Астана әуежайы (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы (Көрнекі сурет).

"Эйр Астана" компаниясының Астанадан Бішкекке ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әуежайға қайта оралды. Индустрия және даму миинстрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, компанияның 16 маусым күні таңертең Бішкекке ұшып шыққан Embraer 190 ұшағы техникалық себептерге байланысты әуежайға оралған.

"Ұшақ көкке көтерілгенде салондағы кондиционер жүйесі істен шыққан. Экипаж әуежайға қайтуға шешім қабылдап, сағат 9:36-да қонды" деп хабарлады Мұрат Жұманбай.

Оның сөзінше, техникалық ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпеген.

Қазір министрліктің транспорттағы оқиғаларды тергеу департаменті бұл оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Наурыз айынан бері "Эйр Астана" компаниясының ұшақтарынан осымен бесінші рет ақау шығып отыр.

XS
SM
MD
LG