Accessibility links

АҚШ алқабилер соты Кастилені атып өлтірген полицейді ақтады


Полиция атып өлтірген Филандо Кастиленің қазасына байланысты наразылық шеруіне шыққандар. Даллас, АҚШ, 7 шілде 2016 жыл.
Полиция атып өлтірген Филандо Кастиленің қазасына байланысты наразылық шеруіне шыққандар. Даллас, АҚШ, 7 шілде 2016 жыл.

АҚШ-тың Миннесота штатының алқабилер соты 2016 жылғы шілденің 6-сы күні Миннеаполис пен Сент-Пол арасындағы тас жолдың бойынша афроамерикалық азаматты атып өлтірген полиция қызметкерін кінәсіз деп таныды.

Сотта сөйлеген сөзінде полиция қызметкері Херонимо Янес өзі тоқтатқан көлік жүргізушісі Филандо Кастиле қаруы барын растап, қалтасына қолын салған кезде өз өмірі үшін қауіптеніп, оған оқ атқаны туралы мәлімдеген.

Кастиленің көлігінде отырған жас әйел өзі куә болған оқиғаның видеосын кейін әлеуметтік желіде жариялаған. Бұдан соң АҚШ-тың бірқатар қалаларында полицияның іс-әрекетіне наразылық акциялары өткен.

Херонимо Янес қызмет атқарған Сент-Энтони қаласының билігі әуелі оны жұмыстан шеттетіп, кейін біржолата босатқан.

XS
SM
MD
LG