Accessibility links

Берлинде тұңғыш "либералды мешіт" ашылды


Германия астанасындағы мешіт мұнаралары. (Көрнекі сурет.)
Германия астанасындағы мешіт мұнаралары. (Көрнекі сурет.)

Берлинде белгілі заңгер, әйелдер құқығы үшін күрескер Сейран Атес алғашқы "либералды мешіт" ашты. Онда ерлер мен әйелдер бірге тұрып, Аллаға құлшылық етеді. Бастама көтерушілер әлемде ислам имиджін өзгертуді көздейді.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің тілшісі Юрий Векслердің айтуынша, 54 жастағы Сейран Атес Түркияның Стамбул қаласында күрд пен түріктің отбасында дүниеге келегн. 1984 жылы Берлинде түрік экстремисі оны ауыр жаралаған.

Атестің бастамасымен Берлиннің Моабит ауданында жаңадан ашылған мешіт 12-ғасырда Испанияда араб отбасында дүниеге келіп, өмір сүрген философ Ибн Рушд (Еуропаға Аверроэс есімімен де мәшһүр) пен немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гетенің құрметіне "Ибн Рушд – Гёте мешіті" деп аталады.

"Бізге Құранды тарихи-сыни тұрғыдан түсіндіру қажет. Жетінші ғасырдағы мәтін сөзбе-сөз мағынасында қабылдауға келмейді және олай болмауы тиіс. Біз Құранды Алланың сүйіспеншілігі пен мейіріміне және ең алдымен бейбітшілікке бағыт-бағдар ұстанатындай етіп оқығанды қолдаймыз" деп мәлімдеген Сейран Атес.

XS
SM
MD
LG