Accessibility links

Тұқындағы Текебаев президенттікке кандидат болып тіркелуге құжаттарын өткізді


Оппозиция лидері Омурбек Текебаевты қолдау акциясына қатысушылар қамауда отырған саясаткердің суретін ұстап тұр. Бішкек, 9 наурыз 2017 жыл.
Оппозиция лидері Омурбек Текебаевты қолдау акциясына қатысушылар қамауда отырған саясаткердің суретін ұстап тұр. Бішкек, 9 наурыз 2017 жыл.

Қырғыз оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың заңгерлері қамауда отырған саясаткерді Қырғызстан президенті сайлауына кандидат ретінде тіркеуге Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Заңгер Қанатбек Азиздің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы құжаттарды қабылдап алғаны туралы анықтама берген, енді "оны 10 күн ішінде тіркеуге алуға міндетті". Заңгердің сөзінше, Текебаев президенттікке өзін өзі ұсынуды ұйғарған.

Қырғызстан заңына сәйкес, Омурбек Текебаев сайлау комиссиясы оны тіркеуге алғанға дейін бір миллион сом кепіл қаржы салуы тиіс, сонымен бірге кандидаттыққа өзін өзі ұсынған сәттен бастап 50 күннің ішінде өзін қолдайтын азаматтардан 30 мың қол жинап, оларды өткізуі қажет.

Оппозициялық "Ата Мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаев ақпанның 26-сынан бері Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бішкектегі тергеу абақтысында қамауда отыр. Оған "Мегаком" компаниясынан пара алған" деген айып тағылған. Маусымның 5-і күні Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Текебаевтің ісі бойынша сот тыңдауы басталған.

XS
SM
MD
LG